Демеу Жаналиев (1924-1987, Атырау облысы) - КСРО-ның құрметті мұнайшысы (1984).

Бүкілодақтық сырттай оқитын политехникалық институты және КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1956) бітірген. 1941-1944 жылдары - Қосшағыл МКБ-да есепші, кадрлар бөлімінің бастығы, бөлімнің аға инженері. 1944-1946 жылдары - Жылой аудандық комсомол комитетінің I хатшысы, Жылой аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1948-1953 жылдары - Новобогат аудандық партия комитетінің хатшысы, Жылой аудандық партия комитеті бөлім меңгерушісі. 1953-1957 жылдары - Қазақстан КП Мақат аудандық комитетінің І хатшысы. 1957-1961 жылдары - Атырау облыстық кеңесі бөлім меңгерушісі. 1961-1965 жылдары - «Қазақстанмұнай» бірлестігі Мұнайлы кәсіпшілігінің меңгерушісі. 1965-1984 жылдары - «Құлсарымұнай» МГӨБ-ы Қосшағыл мұнай кәсіпшілігі меңгерушісі.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және медальдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдыққоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:1924 жылы туғандар Санат:1987 жылы қайтыс болғандар Санат:Атырау облысында қайтыс болғандар Санат:КСРО құрметті мұнайшылары Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Бүкілодақтық сырттай оқитын политехникалық институты түлектері Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Қазақстан КП Мақат аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері