Көшеге Қазақстанның еңбек сіңірген жол маманы Леонид Борисович Гончаровтың (1914-1982) есімі (Алматы қаласы мәслихаты мен Алматы қаласы әкімінің 04.05.2000 № 434 қаулысы) берілген. Гончаров Леонид Борисович (1914-1982) Украинада дүниеге келген. Қазақ КСР Көлік министрі қызметін атқарған.
Көше Алмалы ауданында орналасқан. Федров, Казаков, Скрябин көшелерімен қилысады. Бұрынғы атауы - Баженов көшесі. Кешенін ұзындығы - 1350 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері