Окситаушайырлар. Екі мағынасы бар. Қарқынды түрде тотығуына байланысты органикалық еріткіштердегі еру қабілетін түгелдей немесе жарым-жартылай жоғалтқан табиғи таушайырлардың жіктемелік тобы (оксикериттер, гуминокериттер, альгариттер). Табиғи таушайырлардың тотыққан түрлерінің жалпылама атауы (оксишайыртастар,оксиантраксолиттер т.б.).Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ