«Горняк» минералды су кен орны - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы жерінде орналасқан. Кен орны 1973 жылы анықталып, барлау жұмыстары 1975-1978 жылдары аралығында жүргізілген.

Жатыс сипаты Хлорий-сульфат натрий құрамды, минералдылығы 3 г/дм3 суы 200 м тереңдіктегі төменгі тас көмір және әктасты қабатында жатыр. Деңгейі 15 – 25 м тереңдікте қалыптасады. Ұңғымалардың дебиті 2,4 – 9 л/с. Минералды судың қоры тәулігіне 56 м3. Суы «Горняк» санаторийінде емдік бағытта қолданылады. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қостанай облысы кен орындары Санат:Қазақстан минералды сулары