Итбас – Қоңыртемірші тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі оқшауланған тау массиві.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Татан ауылының оңтүстігінде 22 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 904 метр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 километрге созылып жатыр. Беткейлері көлбеу, пішіні дөңгелек тәрізді келген. Тау аңғарларында көптеген қыстаулар бар. Етегінде Әтембеттоған, Алашыр бұлақтары орналасқан. Шығысында Иткөл көлі жатыр.
Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Шала дамыған ашық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, сұлыбас, бетеге, бұталар өседі. Тау атырабы шөбі шүйгін жайылымдық, шабындық.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары