Хайдар Рақымов (18.8.1917, қазіргі Өскемен қаласы - 9.5.1980, Атматы) - кескіндемеші. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы көркем-сурет училищесін (1948) және қазіргі ҚазҰПУ-ды (1965) бітірген. Рақымовтың елеулі кескіндемелік еңбектері қатарында:" Абайдың туған жерінде" (1949), "Бұқтырма СЭС-і" (1958), "Ульбаның жаңа көпірі", "Комбайншы Ұрқьшбаевтың портреті", "Кенді Алтай" (1964), "Балықшылар", "Менің Қазақстаным" (1965), "Шұғыл тапсырма", "Тың көтерген Чапаев кеңшары" (1970) картиналар топтамасы т.б. Қызыл Жүлдыз орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар