Қанат Әбутәліпов (22 наурыз 1983, Баршын ауылы, Нұра ауданы, Қарағанды облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық боксшы, 2012 жылғы Жазғы Лондон Олимпиадасының қатысушысы.
Өмірбаяны Қарағанды облысы, Баршын ауылында туған. Әлемдік бокс сериясы бойынша Астана Арландары сапында 2010-2011 маусымында чемпион атанып Қазақстан үшін Лондон-2012-ге бокстан тұңғыш олимпиадалық лицензия алды.
Жетістіктері 2000 жылдан ұлттық құрама мүшесі Бокстан халықаралық спорт шебері Азия чемпионы Орталық Азия ойындары-2003 чемпионы 2002 жылғы Әлем кубогы финалисты бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Бейжің-2008 жазғы олимпиадасы қатысушысы Милан 2009 әлем чемпионаты қатысушысы 2006 жылы Қазақстан чемпионы (Шымкент), AIBA президенті Әнуар Чаудри кубогы чемпионы (2006 жылы, Әзірбайжан, Баку), Қазақстан президенті кубогы иегері (Астана), Мысырдағы халықаралық турнирде 1-орын, Азиа ойындары 2006 қатысушысы (Катар, Доха), Таиланд 2007, Болгария 2008, ҚР президенті кубогы 2008, Қазақстан чемпионаты 2008 халықаралық турнирлерінің жеңімпазы. Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы
Санат:Қазақстан боксшылары Санат:1983 жылы туғандар Санат:Астана арландары