Халықаралық маңызы бар түрлер — таралу аймағындағы мемлекет ретінде ел сақталуы үшін халықаралық жауапкершілікте болатын түрлер; бұл орайда, осы түрлердің сол елде құрып- бітуге айналған түрлерге жатқызылған - жатқызылмағандығы есепке алынбайды. Мұндай түрлерге Қызыл кітаптарға енгізілген түрлер және аймақта бар, кейін бүкіл дүниежүзілік ауқымда құрып кету қатері төнген деп танылуы мүмкін түрлер; бүкіл дүниежүзілік таралу аймағының не популяциясының едәуір бөлігі осы елге қатысты түрлер және тиісті халықаралық келісімдер негізінде халықаралық маңызы бар түрлер деп танылған кез келген басқадай түрлер қамтылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Экология Санат:Табиғатты қорғау