Сағынғали Мұқанов (15.10.1928 жылы туған, Жаңақала ауданы, Қызылоба а. — 1998, Казталов ауданы) — журналист, айтыскер ақын, педагог, бұрынғы Жалпақтал ауданының құрметті азаматы (1993). Еңбек жолын 1941 ж. шопандықтан бастады. Ауыл шаруашылығының әр саласында, кәсіподақ, мәдениет, партия, кеңес, комсомол ұйымдарында жұмыс істеді. 1968 жыдцан зейнеткерлікке шыққанға дейін ауданы газет редакторының орынбасары болды. Жергілікті халық театрының құрылуына атсалысты. 1959 ж. ақындар айтысында «Облыс ақыны» атанды. «Еңбек туы» жинағына топтама өлендері енді. Бүкілодақтық байқаулар мен фестивальдардың 3 рет лауреаты атанып, медальдармен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Сағынғали Мұқанов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.