Арыстан Ахметов (туған жылы белгісіз, Жаңақала ауданы, Жуалыой ауылы — 1.10.1942, Ресей, Воронежоблысы, Сурковое с.) — Ұлы Отан соғысының қаһарманы. Қазіргі Жаңақала ауданы 8-а-да колхозшы болған. 1942 ж. қаңтар айында майданға аттанған. Атақты Панфилов дивизиясының құрамында соғысқан. Воронеж облысының Сурковое селосы маңында 19 қызыл әскер фашистердің бір батальонына қарсы шайқасады. Олардың он бірі қаза тауып, қалған сегізі ауыр жарақаттанған күйінде жау қолына түседі. Фашистер Ахметовтен жауап алуға тырысады, бірақ ол мәлімет беруден бас тартады. Ақырында, гитлершіл жендеттер ер жүрек жауынгерлерді азаптап, үстеріне жанармай құйып, тірілей өртейді. Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Арыстан Ахметов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.