Сайдақ тістілер () – ескекаяқты сүткоректілер.
Дене ұзындығы – 410 см, салмағы – 2000 кг. Басының алдыңғы жағы шорт кесілген, бетінің екі жағына 300-350 вибристары орналасқан. Құлақ қалқаншасы жоқ. Жоғарғы азу тістерінің ұзындығы – 60-80 см (ұрғашыларынікі кішілеу).
Тістері төменге бағытталған. Терісі – қалың, қатпарланған. Аяқ жарғақтарының шеті терімен көмкерілген. Артқы аяқтарының жарғақтары құрсаққа қарай қайырылып, құрлықта жүруін жеңілдетеді. Дене түгі сирек. Ареалы – Солтүстік мұзды мұхит жағалауы. Миграция жасап тұрады. Қорегі – ұлулар. Мұзда көбейеді. Баласын бір жыл көтереді де, 2 жыл сүтпен қоректендіреді. Қиыр Шығыстық түршесінің (O.r. divergens) саны 200 мыңдай (1983 ж. дерек бойынша). Кәсіпшілік аулау тек жергілікті халыққа рұқсат етілген. Атлантикалық түршесі (O.r. rosmarus) КСРО-ның Қызыл кітабына енген, ал лаптев түршесі ХТҚО мен КСРО-ның Қызыл кітаптарына енгізілген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Сайдақтістілер Санат:Теңіз сүтқоректілері