Халифа Ғакибұлы Алтай (18 желтоқсан, 1917 жыл, Шығыс Түркістан – 15 тамыз 2003 жыл) — қазақ дін және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, аудармашы, тарихшы, түркітанушы, антрополог. Орта жүз Абақ Керей ішінде Жәнтекей руынан шыққан, ауыл молдасынан сауат ашқан.https://egemen.kz/article/233575-khalifa-altaydynh-osieti

Өмірбаяны 1933 – 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған.«Қазақстан жазушылары: XX ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет. 1940 ж. Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкістанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды. 1953 – 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. 8 жыл діни медреселерде оқыған. Түркияда сауда кәсібімен шұғылданған. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды. 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді. Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірген. 1995 – 2000 ж. Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған “Инабат” имандылық тәрбие орталығының төрағасы болды.

Шығармалары

1995 ж. “Сияр нәби” атты кітабы жарық көрді. «Қазақ түріктерінің шежіресі» «Естеліктерім» «Ата жұрттан Анадолияға дейін» «Алтайдан ауған ел» атты кітаптары жарық көрген. 1991 ж. Алтай Халифа аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі Фахд баспаханасында басылып, 800 мың данамен таратылды. «Кәләм Шарифді» аударған, көптеген діни кітаптардың авторы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Тағы қараңыз

Алтай Халифа аударған Құран Кәрім қазақша мағынасы және түсінігі Қазақ Құран аудармасы

Дереккөздер

Санат:Шыңжаңда туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегерлері Санат:Ислам тұлғалары Санат:Түркия қазақтары