Радиобөгеуілдер — антенна аркылы радиосигналдарды немесе табиғи радиотолқындарды қабылдап, оларды пайдалануға (зерделеуге) болатын түрге өзгертетін радио құрылғы. Радиоқабылдағыштар мынадай негізгі үш топқа бөлінеді:
тұрмыстық қабылдағыштар, бұлар әдеттегі радиохабарды және теледидар бағдарламаларын тыңдаушылар мен көрермендерге жеткізетін құралдар. Сапалығына қарай 5 топқа бөлінеді. Сапа көрсеткіші ең жоғары топ сапалы болады; Кәсіби қабылдағыштар —радиобайланыс жүйелерінде пайдаланылады; Арнайы мақсатта — радиолокацияда, радионавигацияда, ғарыштық байланыста қолданылатын қабылдағыштар. Бұлар схемасына қарай тікелей күшейткіштік және супергетеродиндік қабылдағыштар болып бөлінеді.
Негізгі элементтері:қабылдағышты тиісті радиотаратқыш толқынын қабылдауга баптайтын жиіліктік-селективтік электр тізбектері (тербелмелі контурлар, сүзгілер), жоғары жиілікті күшейткіштер,детектор, төменгі жиілікті күшейткіштер, ақпаратты жаңғырту құралы(қатты сөйлегіш, кинескоп, телеграф аппараты және т.б.)Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника