МДШ-конденсатор — металл — диэлектрик — шалаөткізгіш құрылымы негізіндегі конденсатор. МДШ-конденсаторда диэлектрик ретінде ШӨ материалдардың (мысалы Si) үстіне жалатылған SiO2 қабаты пайдаланылады. Ол конденсатордың бір астары болып табылады, ал екінші астары ретінде металл қабаты (А1) немесе өткізгіштігі жоғары басқа материал (мысалы, Si поликристалы) пайдаланылады. Сыйымдылығы тұрақты МДШ-к. ШО ИС-да қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6 МДШ-құрылым (МДП структура) — шалаөткізгіш пластина үстіне салынған металл мен диэлектриктің жұқа қабаттарының (қалыңдығы мкм-ден кіші) реттелген жиынтығы. Оларды МДШ-транзисторларды, МДШ-конденсаторларды, зарядты байланысы бар аспаптарды, МДШ- фотоэлектрондық көбейткіштерді және т.б. Аспаптарды жасау үшін қолданады.
Дереккөздер
Санат:Диэлектриктер