Бекқали Айтыманов (1947 жылы туған, Маңғыстау облысы, Таушық ауылы) – механизатор.
Өмірбаяны Алматы облысы Талғар қаласындағы механизация техникумын бітірген. 1973 – 94 жылдары Маңғыстау облысы «Ауыл шаруашылығы техникасы» бірлестігінде шофер, мастер 1994 – 2005 жылдары «Қаражанбасмұнай» мекемесінде механик болып істеді.
Марапаттары 1974 – 77 жылдары социалистік жарыстың 2 дүркін жеңімпазы облыстың «Құрмет» кітабына енген. Ауыл шаруашылығы саласындағы үздік еңбегі үшін 3-дәрежелі Еңбек даңқы орденімен марапатталған (1978).Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Дереккөздер
Санат:1947 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Даңқ орденінің иегерлері