Айтмұханов Қуантқан (1947 жылы туған, Маңғыстау облысы, Ортаеспе ауылы) – құрылысшы-инженер. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі ҚарМУ) бітірген (1975). 1967-1968 жылдары - Маңғышлақ өндірістік автотресі автокөлік басқармасында жүргізуші. 1976-1980 жылдары - «Маңғышлақмұнай» ӨБ №3 Өзен технологиялық көлік басқармасы автотрактор колоннасының бастығы, «Маңғышлақмұнайгазқұрылыс» тресі автокөлік кеңсесінде учаске бастығы. 1980-1986 жылдары - «Маңғышлақмұнай» ӨБ №3 Өзен технологиялық көлік басқармасында автоколонна бастығы, жөндеу-механикалық шеберханасының бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бас инженер. 1986-1987 жылдары - «Маңғышлақмұнай» ӨБ тресі механикаландырылған жүмыстар басқармасының бастығы. 1987-1990 жылдары - «Маңғышлақмұнай» ӨБ тампонаждық басқарма бастығының орынбасары. 1990-1995 жылдары - Маңғыстау облыстық Мемтаукентехбақылау инспекторы. 1995 жылы - «Өзенмұнайгаз» ӨБ арнайы техника және технологиялық көлік басқармасының бастығы. 1995-2004 жылдары - «Өзенмұнайгаз» ААҚ №3 үңғымаларға қызмет көрсету Басқармасының директоры. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ №3 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының бастығы.Маңғыстау энциклопедиясы, 4томҚазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері Санат:Маңғыстау ауданында туғандар