Нұрмағамбет Глаждынұлы Аюпов (1955 ж.т., ҚХР, Құлжа қаласы — 2010) — философия ғылыми докторы (2004), профессор (2006).
ҚазМУ-дың (1981, қазіргі ҚазҰУ) физика-математика факультетін бітірген. Алматы қаласындағы №122-орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директоры (1976–1992), Көкшетау облысы Щучинск қаласындағы турбазаның мектеп туризмі әдіскері, Алматы мемлекеттік университетінің лицей-колледжінің директоры, оқу-тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары (1992–2003), 1992 жылдан ҚазҰПУ-да оқытушы, диссертация кеңестің ғылыми хатшысы (1996–2006), диссертация кеңес төрағасының орынбасары (2006 жылдан) болып қызмет атқарады. «Тәңіршілдік ашық дүниетанымы ретінде» деген тақырыпта доктор диссертация қорғаған. Ғылыми жұмыстарының бағыты – философия антропология, дінтану, мәдениет, әлеуметтік, білім және ғылыми философиясы мен тарихы. Аюповтың 60-тан астам ғылыми еңбегі жарияланған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Сілтемелер Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті -
Санат:Тұлғалар