Зәуре Кәрімқызы Аюпова (6.5.1964 ж.т., Алматы қаласы) – заң ғылымдарының докторы (2008).
ҚазМУ-дың (1986, қазіргі ҚазҰУ) заң факультетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. Осы университетте ізденуші (1986–88);
ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) ассистент, аға оқытушы, доцент (1991–95), кафедра меңгерушісі (1995–97), профессор (2000) қызметтерін атқарды.
2008 жылдан ҚазҰПУ-да мемлекеттік және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі. Аюпованың 20-дан астам ғылыми еңбегі алыс және таяу шет елдерде (АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) жарық көрген.
«Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйе: оның қалыптасу теориясы мен тәжірибесі» деген тақырыпта доктор диссертация қорғаған.
Аюпова 200-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 7 монографияның авторы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Сілтемелер Профессорлық-оқытышылар құрамы | Қазақ-Британ Техникалық Университеті электронная книга:мемлекет және құқық_РОУ в веб
Санат:Тұлғалар