Балбырауын () – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдіктердің бір туысы.
Гүлшоғыры — күрделі шатырша. Жер жүзінде 200-дей түрі бар. Тамырсабағынан эфир майы және пимпинеллин, шайыр, қант шығады. Балбырауын ерте көктеп, күздің аяғына дейін балбырап жасыл күйінде тұратындықтан олар малдың жемшөбінің құнарлы бір түрі болып саналады. Балбырауынның бәден (анис) сияқты кейбір түрлерінің тұқымы түрліше тағамдарға қосылады.Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Дереккөздер
Санат:Шатыршагүлділер