Тауешкі немесе безоар ешкісі, сақалды теке () — жұптұяқтылар отрядының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы ешкінің бірі; тау текелері туысына жататын сүтқоректі.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дене ұзындығы 150 см. шоқтығының биіктігі 80-95 см. Мүйіздері қылыш тәрізді екі жағынан сығылған еркектерінде ұзындығы 130 см. Шығыс, Орта және Оңтүстік Азияда кездеседі. ТМД - Кавказда -Оңтүстік Түркменияда. Көтерілуге қиын таулы жерлерді мекендейді. Үй ешкілерінің арғы тегі. 2 түр тармағы КСРО Қызыл кітабына енгізілді. Етін — жеу, терісін — киім-кешек жасау үшін аулайды.Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Дереккөздер
Санат:Тау текелері