Ақылбек Қабиұлы АхметовМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;(1948 жылы туған, Атырау облысы , Теңіз ауданы, Зормата ауылы ) – физик-ғалым, физика ғылымының докторы(1997). Нью-Йорк ғылым академик мүшесі (1994). ҚазМУ-ды бітірген (1971). 1971 – 1993 жылдары Атырау педагогика институтында оқытушы, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, 1993 – 1996 жылыдары Атырау педагогика институты Ақтау бөлімшесінің ректоры, 1996 – 2005 жылдары АқтМУ-дың проректоры, кафедра меңгерушісі, 2005 жылдан Ақтау «Қайнар» оқу- ғылыми кешені президенті. Қазақстан жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, осы академияның әл-Фараби алтын медалімен марапатталған, Қазақстан білім беру ісінің үздігі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1948 жылы туғандар