Кудряшов ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Арна, Кудряшов, Жаңаауыл ауылдары кіреді. Орталығы – Кудряшов ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том.
Орналасуы Кудряшов ауылдық округі 1937 жылы құрылған. Округ оңтүстүгінде Ресей Федерациясының Астрахан облысымен, Жаңаталап (бұрынғы Киров), шығысында Сафон, батысында Байда ауылдық округтерінің және Ресей Федерациясының жерлерімен шектеседі. Округ аудан орталығынан 50 км қашықтықта орналасқанhttp://atyrau.gov.kz/page/read/Selskie_okruga_kur.html . Жер көлемі 6568 га.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2272 адамды (1143 ер адам және 1129 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Округ көлемінде әр түрлі ұлттар мекен етеді: қазақ, орыс, қарақалпақ, кәріс. Негізгі округ тұрғындары ескі Жанбай ауылынан қоныс аударып келгендер.
Ежелгі тарихы Аталған округтің орналасқан жерін бұрын Қиғаш өзенінің суы басып жатқандықтан, халықтың мұнда қоныстану мүмкіндігі болмаған. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін азғана үйлер тұрған. Ертедегі тұрғылықты жер атаулары: «Қырық үйлі», «Тәрбай», «Тұңғыш», «Дамбы», «Өтініскі» шағын ауылдары болатын. Қоныстанған халықтың негізгі кәсіпшілігі балықшылық. 1918 жылы «Тәрбай» кеңесі құрылып, оның құрамына «Тәрбай», «Қырықүйлі» ауылдары кірген. Кеңес төрағасы болып Әблихат Ахметов сайланған. 1922 жылы «Тәрбай», «Сафон» кеңестері қосылып, «Бірлік» кеңесі аталған. 1932 жылы «Бірлік» советі - «Бірлік» және «Сафон» кеңестері болып екіге бөлінеді. «Бірлік» кеңесі «Қырықүйлі» ауылы және «Тәрбай» ауылында ұйымдасқан «Тұңғыш» колхозы мен «Утеры» ауылында ұйымдасқан «Қызыл Таң» колхозы кіреді. 1932-1937 ж.ж. «Бірлік» советі «Кудряшов» кеңесі болып аталады.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5
Инфрақұрылымы Округте «Ақсу-Қиғаш», «Бисембай», «ММС-Арна» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, Құрманғазы инспекция бөлімі, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт, орта мектеп, балабақша, ауылдық клуб, 8 жеке шаруа қожалықтары, 13 жеке кәсіпкер, наубайхана, 2 шаштараз, 2 тігін шеберханасы, 1 ағаш өңдеу шеберханасы, 1 компьютерлік қызмет көрсету орны бар.
Округ әкімдері 1996-1997 жж. Жеткеншек Өтепбергенов, 1997-1998 ж. Зоя Васильевна Козлова, 1998-1999 ж. Есендос Молдашов, 1999 ж. Сергей Түсекеев, 1999-2002 жж. Уағап Айтпаев, 2002-2009 жж. Сақтапберген Ертелеуов, 2009-2012 жж. Зауре Ертаева, 2012 жылдан Сақтапберген Ертелеуов
Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискі К.И.Кудряшовтың мүсіні Шайхы Әбішев тұрған үйдегі мемориалдық тақтаҚұрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері