Құрманғазы ауылдық округі (2018 ж. дейін Ганюшкин ауылдық округі) — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Құрманғазы ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том. Ескі Әуежай ауылы 2008 жылдан бастап Құрманғазы селосының құрамына енгізілген.Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне өзгерістер енгізу туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14532 адамды (7242 ер адам және 7290 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Сипаттамасы Құрманғазы (Ганюшкино) ауылдық округі шығысында Еңбекші, батысында Орлы ауылдық округтерімен шектеседі. Округ көлемінде 59 көше атауы бар.

Инфрақұрылымы Құрманғазы ауылында аудандық емхана, аурухана, жұмыспен қамту, мәдениет үйі, спорт кешені, мұражай, телекоммуникация бөлімі, «Казпошта» мекемесі, аудандық кітапхана, «Атырау Жарық» АҚ, Құрманғазы Газ шаруашылығы, «Кұрманғазы жолдары» мекемесі, көптеген кәсіпорындар, мейрамханалар, кафелер, асханалар, сауда орындары орналасқан.

Құрманғазы ауылдық округіне қарасты «Абай», «Ломоносов», «Бегалиев», «Әуезов», «Зейнолла Серікқалиұлы» атындағы мектеп интернаты, жалпы білім беретін мектептер, Агротехникалық колледж, «Мерей», «Өркен», «Айбөбек», «Балауса», «Балбөбек», «Нұршуақ» бала – бақшалары жұмыс жасайды.

Округ әкімдері Құрманғазы селолық кеңес төрағасы қызметінде Воронцов, Төкенов, Александр Кокарев, Байке Қусайнов, Илларион Плотыцын, Шамардан Бралин, Аділбек Қалиев, Жұмахмет Бақышов, Мусагалиева, Садыхов, Отар Юсупов, Сайфолла Білгалиев, Нина Носкова, Хамида Имгамова, Қапиз Такішов, Қисмет Кабдешов, Қабдығали Казиев, Лидия Жанова, Қадырбай Жармұхамбетов, Әбілхан Құрманов, Болатбек Шурин, Айболат Амірғалиев, Нұрлан Мертаев, Нұрлығайын Құрманғалиев, Майнна Дощанова, Аян Тәжібаев, Мұрабек Мұғалім нәтижелі еңбек етті. 2020 жылдың 18 наурызынан бері бұл лауазымды Абдуррахман Мұса Рахметұлы атқарып келедіКиелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5.

Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер Кеңес Одағының Батыры А.Н.Афанасьевтің мүсіні Кеңес Одағының Батыры А.Н.Афанасьев тұрған үйдегі мемориалдық тақта Жауынгер интернационалист Б.Бегалиев оқыған Абай атындағы мектептегі мемориалдық тақта Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискі Құрманғазы Сағырбайұлының мүсіні Ұлы Октябрь революциясына қатысқандарға қойылған ескерткішҚұрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7 Орыс-қырғыз училищесі — 1895 жылы М.Ш. Бекмұхамбетов салдырған. 1895-1918 жж. екі кластық орыс-қырғыз училищесі, 1918-1933 жж. мектеп-коммуна, 1933-1986 жж. Абай орта мектебінің жатақханасы, 1986-2011 жж. Д. Нұрпейісова атындағы өнер мектебі орналасып, 2011 жылы аудандық балалар кітапханасына берілді. 2014 жылы ғимарат өртке оранып, 2018 жылы қайта қалпына келтірілді.

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері