Дамбы ауылдық округі — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Дамбы, Амангелді ауылдары кіреді. Орталығы – Дамбы ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том.
Округ жөнінде мәліметтер солға |300px| Ауылдық округ Атырау қаласынан оңтүстік-батыс бағытта 18 км. қашықтықта орналасқан. Округ оңтүстігінде Каспий теңізімен, солтүстігінде Жайық өзенімен, батысында Каспий теңізімен, шығысында Атырау ауылдық округімен шектеседі.
Округтің жалпы көлемі 2610 га құрайды, оның ішінде егін егетін жері 18,0 га. 1991 жылғы теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты егістік және жайылымдық 4100 га жер су астында қалды. Дамбы елді мекенінің жер көлемі - 196 га, Амангелді елді мекенінің жер көлемі - 850 га, Пешной жер көлемі - 44 га, бос жатқан жерлер - 1530. барлығы 2610 га жер.
Тарихы Дамбы селолық советі (Дамбы ауылдық округі) 1954 жылдың желтоқсан айында құрылған. Гурьев облыстық атқару комитетінің Новобогат ауданындағы балықшы колхоздары «Дамбы» елді мекеніне көшіру туралы шешімнің негізінде 1955 жылдан бастап Новобогат ауданынан балықшы колхоздар көшіп келіп, Жайық өзені бойына орналаса бастаған. Селолық советті құрушы ұйымдастыру тобы (комиссия) құрылып, оны Батырғали Жанғалиев басқарған, кейіннен өзі осы Советтің алғашқы төрағасы болып сайланған. 1956 жылы Дамбы селолық кеңесі қарамағына «Социалистік жол», «Амангелді», «Қызыл балық», «Жамбыл» колхоздары енген.
1984 жылы Дамбы селолық советі құрамынан Атырау селолық советі бөлініп шығып, оның құрамына Құрманғазы, Қызыл балық, Жаңаталап ауылдары енді.
Халқы нобай|оңға|200px|Дамбы ауылындағы Жайық өзені (2024 ж.) 1926 жылғы 1-қаңтардағы жағдай бойынша Дамбы ауылдық округінің халқы 4 084 адамды құрады, оның ішінде: Дамбы ауылы - 1809 Амангелді ауылы - 2275
Ұлттық құрамы: Қазақтар - 4065 Кәрістер - 7 Орыстар - 2 Өзге ұлттар - 10
Климаты Дамбы ауылының аумағы қамысты, тұзды аймаққа жатады, қысы аязды, жазы ыстық та, құрғақ болады. Қар өте сирек жауады, көбіне қаңтар, ақпан айларында. Қыста көбіне жел шығыстан, терістік шығыстан, ад жазда терістік батыстан соғады. Ауаның орташа жылдық ылғалдылығы 61 пайыз, ал қыста 78, жазда - шілде, тамыз айларында 40-43 пайыз болады.
Флора және фаунасы Каспий теңізінің қамысты аймақтарындағыдай даласында алабота, жантақ, сораң, ал Жайық жағасында құрақ, қоға өседі. Аңдардан қасқыр, қояндар, түлкілер бар, қамыс арасында сиректеу қабан кездеседі. Сарышұнақтар, тышқандар бар, бауырмен жорғалаушылардан жыландар, кесіртке және бақа көп. Құстардан қара қарға, сауысқан, торғайдың бірнеше түрі, теңіз жағалауында үйрек, қаздар, шағалалар, сүңгуірлер бар.
Мал басы Округтегі бал басы, 2025 ж.: Мүйізді ірі қара - 766 Қой-ешкі - 77 Жылқы -71 Құс - 261
Шағын және орта бизнес ШОК тіркелгендері - 28 Жұмысшылар саны - 1057
Сауда орындары - 64% Қоғамдық монша - 8% Көлік жөндеу орталығы - 4% Тігін цехы - 4% Шаштараз - 4% Өзге нысандар - 16%
Денсаулық сақтау + Денсаулық сақтау ісі Атауы 1924 1925 Туылған бала саны 91 94 Ана өлімі 0 0 Сәби өлімі 0 0
Білім беру ісі Амангелді атындағы орта мектеп оқушы саны - 741 педагогтар саны - 77 Мектеп 2024 жылы күрделі жөндеуден өтті, 362 оқушы ыстық тамақпен қамтылса, Дамбы ауылынан арнайы автобуспен 172 оқушы тасымалданды.
«Ынтымақ» бөбекжай бақшасы Бүлдіршіндер саны - 210 Тәрбиеші педагогтар - 31
Дамбы өнер мектебі Оқушылар саны - 180 Мамандықтар - 6
Мәдени мекемелер Дамбы ауылдық мәдениет үйі - 2025 жылдың қазан айында берілді, көрермендер саны 200 орындық. Дамбы ауылдық кітапханасы - оқырман саны - 467, кітап қоры 12554.
Спорт Жабық спорт кешені - 1 Орта мектеп спорт залы - 1 Ашық спорт алаңы - 2
Округ бойынша 2 әлем чемпионы, 2 күміс жүлдегер, 2 спорт мастерлігіне кандидат, 7 бірінші разрядты спортшылар дайындалды.
Ауыл суреттері Әкімшілік "Ынтымақ" балабақшасы Өнер мектебі Сұлулық салоны Дәрігерлік амбулатория орта|200px| орта|270px| орта|250px| орта|300px| орта|300px|
Дереккөздер
Санат:Атырау қалалық әкімдігі ауылдық округтері