Сұлутөр (2022 ж. дейін — Пригородное)Жамбыл облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы — Жамбыл облысы Жамбыл ауданында болған ауыл, бұрынғы Қараой ауылдық округі орталығы. 2024 жылы таратылып, Тараз қаласы Жібек жолы ауданындағы шағын ауданға айналды.Тараз қаласына іргелес аудандардан 14 ауыл қосылады

Географиялық орны Аудан орталығы – Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км, Тараз қаласының оңтүстігінде 2 км жерде, бетеге, жусан, баялыш, т.б. шөптесін өскен сұр, қоңыр топырақты тау алды жазығында орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен4500 6165 137 2214 3138 141,7 2286 3027 132,4

Тарихы Іргесі 1929 жылы қаланған. Облыс орталығы – Тараз қаласының көкөніс, жеміс-жидек және сүтпен қамтамасыз ететін өзімен аттас кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Пригородноеде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Ауыл қала маңында орналасқандықтан - "Пригородный" деп аталған. Кеңес өкіметі орналасқанға дейін бұл жерді жылқы өсіретін зауыты бар Маслов деген помещик иемденген. кеңес өкіметі орнағаннан кейін "Жылқы зауыты", 1955 жылдан 1960 жылға дейін тауық фермасы, ал 1960 жылдан бастап Тараз қаласын көкөніс, сүтпен қамтамасыз ететін "Пригородный жеміс-сүт кеңшары" болып құрылған.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) таратылған елді мекендері