Тастыбұлақ — Алматы облысы Қарасай ауданында болған ауыл, бұрынғы Таусамалы ауылдық округінің құрамына кірген. Қазіргі уақытта Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы шағын аудан.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қаскелең қаласынан шығысқа қарай 16 км жерде, Ақсай өзенінің жағасында орналасқан.

Халқы Тұрғыны: 1,0 мың адам (2006); 0,6 мың адам (2009).

Тарихы Ауыл асыл тұқымды мал өсіретін заттың бөлімшесі болған. Тастыбұлақта шаруа қожалықтары жұмыс істеді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданының таратылған елді мекендері