Сабынды — Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы ауыл, Сабынды ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Қорғалжын кентінен солтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18151300 928 71,4 669 488 72,9 631 440 69,7
Тарихы Іргесі 1903 жылы қаланған. 1918-1935 жылдары ауылды «Алаш» партиясының мүшесі — Жантаев Төлепбек басқарды. 1961 — 96 жылдары астық өсіретін “Ленин жолы” кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Сабындыда және округтегі Қараегін, Алғабас ауылдарында шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл арқылы Қорғалжын — Астана автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы — Астана (72 км). Көшелері Қалқабек Шымырұлы шағын ауданы, Абай Құнанбаев к-сі, Ануарбек Үсенов к-сі, Водопровод к-сі, Василий Гоголь к-сі, Карл Маркс к-сі, Керімжан Қошмағанбет к-сі, Первомай к-сі, Төлен Жұмабаев к-сі, Төлепбек Жантаев к-сі, Тұяқ Камелов к-сі, Юрий Гагарин к-сі.
Сабынды ауылында 11 көше, және 1 шағын аудан бар.Сабынды ауылының көшелерін өзгерту туралы
Дереккөздер
Санат:Қорғалжын ауданы елді мекендері