Сабындыкөл — Баянауыл тауларындағы тұщы көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының жанында, теңіз деңгейінен 452,7 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 7,08 км2, ұзындығы 4,5 км, ені 2,8 км, жағалауының ұзындығы 15 км, тереңдігі 9,5 м. Шарасының көлемі 9,9 млн. м3. Тектоникалық көлдерге жатады. Көлді пішіні домалақ гранит жартастар қоршаған. Оңтүстік жағалауында балалардың демалу-сауықтыру лагерлері орналасқан.

Санат:Баянауыл ауданы көлдері