Мақаншы — Абай облысы Мақаншы ауданындағы ауыл, аудан және Мақаншы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы — Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 570 км-дей жерде, Тарбағатай тауының оңтүстік-батыс бөктерінде, Қатынсу өзенінің оң жағасындағы құрғақ дала белдемінде.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13125 12242 11929 97,4 5938 5963 100,4 6304 5966 94,6

Тарихы Іргесі 1879 жылы Ресейден келген шаруалардың қоныс аударуына сәйкес қаланды. 1928 — 97 жылдары аудан орталығы, 1963 жылдан “Арқарлы” және 1988 жылы ұйымдастырылған Октябрьдің 70 жылдығы атындағы қой өсіретін кеңшарлардың орталығы болды. 1997 — 2002 жылдары Мақаншыда олардың негізінде “Мақаншы-Астық” және “Мақаншы” АҚ, “Сенім”, “Тұрсын”, “Қабанбай”, “Науалы” ЖШС-тері, “Естеміс”, “Өркен” және “Тарқан”, т.б. бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Мақаншы арқылы Алматы — Семей автомобиль жолының оң тармағы өтеді.

Инфрақұрылымы Ауылда үш мектеп бар: Мақаншы орта мектеп-бақша, Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша КММ, Әсет Найманбай атындағы орта мектеп.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Дереккөздер

Санат:Мақаншы ауданы елді мекендері Санат:Жетісу казак әскерінің елді мекендері