Ақылтай Қайырбеков - (17.3.1948 жыл, Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылы) – медицина ғылмдарының докторы (1998), профессор (2001).

Өмірбаяны Алматы мемлекеттік медицина институтын (1973, қазіргі Қазақ ұлттық медмцмна университеті) бітірген. Атырау облысы Балықшы ауданы ауруханасында дәрігер, бас дәрігер (1973–76) Алматы қаласындағы 5-клиникалық ауруханада дәрігер (1976–77) Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1979–96) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтаудың медицина және экономикалық проблемалары ғылыми орталарында лаборатория меңгерушісі, директордың орынбасары (1996–2003) қызметтерін атқарды. 2003 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде профессор

Еңбектері «Профилактика сердечно-сосудистых и некоторых хронических неинфекционных заболеваний и ее эффективность среди сельского населения, подверженного воздействию агрохимических факторов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 141 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:17 наурызда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Жангелді ауданында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлары