Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану музейі — 2003 жылы Жамбыл аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған болатын. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімінің 2018 жылғы 12 қарашадағы №771 қаулысымен «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» КМҚК-нан «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық тарихи-өлкетану музейі» КММ-сін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылды. Бастапқы кезеңде музей шағын экспозиция ретінде жұмыс жасап, уақыт өте келе қор саны артып, мазмұны кеңейді. Бүгінде музей аймақтың тарихын,салт-дәстүрін, тұрмысын және рухани құндылықтарын танытатын маңызды мәдени орталық. 2024 жылы 25 қыркүйекте музейге арнайы жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
Мұражай залдары Музей ғимараттың жалпы ауданы — 964 шаршы метрді құрайды. Оның 393 шаршы метрі экспозициялық 2 залдан және 298 шарша метр конференция залынан тұрады. Музейде «Археология, этнография және мәдени мұра» залы және «ХХ-ХХІ ғасырдығы өлке тарихы» залы жасақталған. Экспозицияда көне дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі археологиялық жәдігерлер, этнографиялық бұйымдар, тұрмыстық заттар, құжаттар мен фотосуреттер, қолөнер туындылар қойылған.
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы)