Әбді Омаров (20 қазан 1924 жыл, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Далакөл ауылдық кеңесі — 25 желтоқсан 1996 жыл, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылы) — соғыс және еңбек ардагері.Сыр елі. Энциклопедия. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. – 505-506 бб. — ISBN 978-601-08-3729-4.Дайрабай Т. Сыр перзенттері. – Алматы: Арыс, 2010. – 553-554 бб.
Өмірбаяны 1924 жылы 20 қазанда Қызылорда облысының Тереңөзек ауданына қарасты Далакөл ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1941 жылы Шаған ауылындағы жетіжылдық мектепті бітірген. 1952 жылы Ленинградтағы Бүкілодақтық бухгалтерлік курсты сырттай аяқтаған.
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы Соғысқа 1942 жылдың 25 тамызынан 1945 жылдың 25 қазанына дейін қатысқан. I Белоруссия және II Белоруссия майдандары құрамындағы 65-армияның 193-дивизиясында атқыш, пулеметші және зениттік қондырғы көздеушісі болды.Сейітов С. Сол жігіт қазір бар ма екен? // Лениншіл жас. – 1980. – № 56. – 22 наурыз.Әбзейітов Т. Сағынғали іздеген сарбаз // Сыр бойы. – 2010. – № 79-81. – 24 сәуір.
Батыс Буг өзеніндегі өткелді қорғау (30.07.1944) және Одер өзенінен өту (20.04.1945) кезіндегі әрекеттері әскери құжаттарда тіркелген.Әбілов Е., Сапаров Д. Сол жігіт қазір бар екен // Ленин жолы. – 1980. – № 91. – 9 мамыр.
Соғыста үш рет жараланған: Белоруссияның Гомель облысының Гороховищи ауданында (19.02.1944); Паричи ауданында (26.06.1944); Польша жерінде Батыс Буг өзенінен өтерде (02.08.1944).
1945 жылы 25 қазанда Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг қаласынан (қазіргі Ресейдің Калининград қаласы) елге қайтарылды. Майдан жолы туралы мақалалар кейіннен баспасөз беттерінде жарияланды.
Еңбек жолы 1945–1952 жж. — Тереңөзек ауданындағы «Жаңаөріс» шаруашылығында бас бухгалтер, кассир; 1953–1960 жж. — «Ильич», «Шаған» кеңшарларында, «Қарауылтөбе» тәжірибе шаруашылығында бухгалтерСырдария / Әбибуллаев И.С., Қылышбайұлы А. – Алматы, 2006. – 156 б.
Құт-береке қонған ел / Қасымов Ж. және т.б. – Қызылорда: Тұмар, 2014. – 22, 85-88 бб.; 1960–1962 жж. — Қызылорда қаласында бухгалтер; 1962–1966 жж. — «Жетікөл» кеңшарында бухгалтер, аға экономист; 1966–1968 жж. — Тасбөгет кентінде бухгалтер; 1968–1985 жж. — «Іңкәрдария» кеңшарында экономист, бухгалтер; 1976–1978 жж. — Арал ауданынан 30-дан астам отбасын көшіріп орнықтыру жұмыстарына жетекшілік етті.
1985 жылдың 1 маусымынан 1993 жылдың 1 наурызына дейін егіс бригадирінің көмекшісі, жұмысшы, химизатор қызметтерін атқарды. Ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Тереңөзек аудандық халық сотының заседателі болды.
1996 жылы 25 желтоқсанда Сырдария ауданының Іңкәрдария ауылында қайтыс болған.
Естелік пен ұлықтау 2024 жылы Іңкәрдария ауылында «Әбді Омаров» атындағы саябақ ашылды. Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы және ауылдық округ әкімінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №10 шешімімен Іңкәрдария ауылының кіреберіс даңғылына Әбді Омаровтың есімі берілді.
Марапаттары Ордендері ІІІ дәрежелі Даңқ ордені (№197536, 27.08.1944) Қызыл Жұлдыз ордені (№3302151, 10.05.1945) І дәрежелі Отан соғысы ордені (№2220961, 11.03.1985)
Медальдары «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі (№0282602, 09.05.1945) Еңбек ардагері медалі (15.11.1985)
Мерейтойлық медальдары «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл» мерейтойлық медалі (№8250364, 07.05.1965) «КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл» мерейтойлық медалі (26.12.1967) «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 25 жыл» мерейтойлық медалі (07.05.1970) «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл» мерейтойлық медалі (25.04.1975) «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» мерейтойлық медалі (28.01.1978) «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» мерейтойлық медалі (12.04.1985) «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медалі (28.01.1988) «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» мерейтойлық медалі (21.03.1995)
Дереккөздер
Санат:Даңқ орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері