сүрмелі|Аманжолов Мағауя (Мағауия) Аманжолұлы Мағауия Аманжолұлы Аманжолов (кейбір деректерде Мағауия; 1949 жыл — 1995 жыл) — қазақстандық кескіндемеші, КСРО Суретшілер одағы мүшесі (1978).
Өмірбаяны Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
1975 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген (Алматы).
1972 жылдан бастап қалалық, республикалық және бүкілодақтық көрмелерге қатысқан. Соның ішінде:
Ұлы Қазан социалистік революциясына 60 жыл толуына арналған Бүкілодақтық көрме (Мәскеу, 1977); Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуына 250 жыл толуына арналған Қазақстанның бейнелеу өнері көрмесі (Ленинград, Мәскеу, 1981).
1978 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі.
Тақырыптық туындылар мен портреттердің авторы.
Суретші туындылары
Дереккөздер «Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейі. 2011–2015 жаңа түсімдер каталогы»// «Каталог новых поступлений. 2011-2015. Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств им. семьи Невзоровых» — ISBN 978-601-7850-08-1