Британдық фонограмма өндірушілер қауымдастығы (, BPI) — британдық дыбыс жазу индустриясының сауда қауымдастығы. Бұл ұйым BRIT Awards сыйлығын ұйымдастырады, Mercury Prize қамқоршысы болып табылады, Entertainment Retailers Association компаниясымен бірлесіп Official Charts Company компаниясына иелік етеді, сондай-ақ BRIT Certified Awards жүйесі арқылы Ұлыбритания аумағындағы музыкалық өнімдердің сатылым көлемін ресми түрде сертификаттайды.

Құрылымы

BPI мүшелігіне жүздеген музыкалық компаниялар, соның ішінде негізгі үштік (Sony Music UK, Universal Music UK, Warner Music UK), сондай-ақ 500-ден астам тәуелсіз дыбыс жазу лейблдері мен шағын және орта музыкалық бизнес өкілдері кіреді.

BPI кеңесі — бұл ұйымның басқарушы және саясатты айқындайтын негізгі органы. Кеңесті BPI Төрағасы басқарады, ал оның құрамына Бас атқарушы директор (CEO), Бас операциялық директор (COO), Бас заң кеңесшісі (General Counsel), Стратегия жөніндегі бас директор және дыбыс жазу секторлынан сайланған 12 өкіл кіреді: оның ішінде үлкен лейблдерден алты өкіл (үш «мэйджор» компанияның әрқайсысынан екі адамнан) және BPI-ге мүше барлық тәуелсіз лейблдердің дауыс беруі арқылы таңдалатын тәуелсіз сектордан алты өкіл бар.

Сертификаттау Синглдер Күміс: 200 000 сатылым Алтын: 400 000 сатылым Платина: 600 000 сатылым Альбомдар Күміс: 60 000 сатылым Алтын: 100 000 сатылым Платина: 300 000 сатылым Музыкалық DVD Алтын: 25 000 сатылым Платина: 50 000 сатылым

Дереккөздер

Санат:1973 жылы құрылған компаниялар Санат:Музыкалық индустрия қауымдастықтары