Шаймерден Әлжанов (1885 , Ақмола облысы, Омбы уезі, Николаев болысы - 1918, Омбы қаласы) - саяси және қоғам қайраткері, "Үш жүз" партиясын ұйымдастырушылардың бірі , фельдшер, тілмаш .

Өмірбаяны мен қызметі

Шаймерден Әлжанов орта жүздің керей руынан шыққан.

Мұсылмандық және орысша білім алған Әлжанов Шаймерден мұғалім болып жұмыс істеді. 1915 жылы Омбы фельдшерлік мектебін бітіріп, ауруханаларда дәрігер болды.

1913 жылы қазақ жастарына патриоттық рухында тәрбие беруде, олардың саяси көзқарастарын шыңдауда үлкен рөл атқарған. "Бірлік" қоғамын құрып, оған басшылық жасады .

1912–1915 жылдары Мұқан Әйтпенов және Көлбай Төгісовпен бірге "Айқап" журналының қоғамдық-ағартушылық жұмыстарына араласты. "Айқап" журналында мәдениет, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, жер мәселелері туралы мақалалар жазып тұрған .

1917 жылы Омбыға Әлихан Бөкейхан келген кезде Мұқан Әйтпенов пен Шаймерден Әлжанов онымен кездесіп, болашақ қазақ партиясының бағдарламасы туралы пікір таластырған. Дәл осы кездесуде Шаймерден қазақ қоғамының үш жүзге бөлінуін негізге алып, партияны «Үш жүз» деп атауды ұсынғанған.

Ол "Алаш" қозғалысына қатыспаған, К.Тоғысов бастаған қазақ зиялыларымен бірге "Үш жүз" партиясын құрып, кейіннен келіспеушіліктер туғанда партиядан шығып кетеді. Ақмола облысы қазақ комитетінің мүшесі болып сайланған.

«Үш жүз» партиясының атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

Шаймерден Әлжанов 1918 жылы қараша айында Қызылжар, Омбы түрмелерінде азап көріп, Колчак әскерлері қолынан қаза тапқан.

Дереккөздер

Санат:1885 жылы туғандар Санат:1918 жылы қайтыс болғандар Санат:Қоғам қайраткерлері