Ла-Плата астрономиялық обсерваториясы — Аргентинадағы Ла-Плата ұлттық университеті қарамағында істейтін обсерватория.
1872 жылы Ұлттық метеорологиялық бюро құрылғаннан кейін Ла-Плата қаласында обсерватория салу жоспары қарастырылады. Қаланың бас архитекторы Педро Бенуа жаңа нысанның жобасын жасайды. 1883 жылдың қарашасында оның негізі қаланады. Негізгі астрономиялық құрылғылары бір жыл бұрын Париж обсерваториясынан әкелінген болатын.
Обсерваторияның бірінші директоры франциялық лейтенант Франсиско Бёф болды, бұған дейін ол Тулондағы флоттық обсерваторияны басқарған. нобай|солға|1920-шы жылдардағы көрінісі 1919–1921 және 1934–1943 жылдары обсерваторияны Феликс Агилар басқарды. Оның есімімен кейін елдің батысында салынған жаңа обсерватория аталды.
1924 жылы осы елден ашылған астероидқа (1029) Ла-Плата деген атау берілді.
Тағы қараңыз Обсерваториялар тізімі Дереккөздер
Санат:Аргентинаның астрономиялық обсерваториялары Санат:Ла-Плата ғимараттары мен құрылыстары