Пушкин кітапханасы — бүгінгі күні даму стратегиясы заманауи инновациялық технологияларды енгізуге негізделген Шығыс Қазақстан облысындағы ірі кітапханалардың бірі. нобай|А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы
Кітапхана тарихы Кітапхана 1896 жылы 20 наурызда халыққа білім беру жөніндегі қамқорлық Қоғамының бастамасымен құрылды, оның құрамына алдыңғы қатарлы қалалықтар мен саяси жер аударылғандар кірді. Ол кезде кітапхана «Өскемен халықтық ақылы кітапхана-читальня» деп аталды. Сол кезден бастап, сол бір кезеңдегі кітаптардың титулды парағында кітапхана атауымен бірге «1896ж» штампы қойылған. Алғашқы кітап қоры Қоғам мүшелері Костюрин, Федоров, Гинтов, Михаэлис, Емельянов, Федоров, Вестениус және т.б. жеке кітаптарынан құрылды. Алғашқы кітапханашы облыстық Сауда банкінің бухгалтері П.Ф.Столбов болды. Кітапхана алғашында қалалық басқармада, сонан кейін Халық Үйіне көшірілді. (қазір облыстық Жамбыл ат. драма театры).
1914 ж. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында кітапханада 2000 таяу кітап болды. Кітапхананы пайдалану үшін 50 теңге пұл – ақы алынғандықтан оқырмандар қатары шектеулі еді. 1920 жылы кітапхананың кітап қоры 5000 данаға дейін өсіп, пайдалану ақысыз болды. Осы жылдары кітапхана драма театрының екінші қабатындағы оқу залына, жаңа бөлмеге орналасты. Бұл жерде оқырмандарға 1936 ж. дейін қызмет көрсетілді. Қалалық газет 1920ж. 11 қарашада « Қалалық кітапханаға жазылушылар саны күннен – күнге өсуде» - деп жазып, Өскемен уезіндегі кітап тапшылығын атап көрсетті.
Кітапханаға Александр Сергеевич Пушкиннің есімінің берілуіне қала қауымдастығы өтініш берген. 1937 жылы 19 тамызда Өскемен қалалық советінің президиумы қалалық кітапханаға ұлы ақын есімін тағайындауға қаулы қабылдады. Ал, екі жылдан кейін Шығыс Қазақстан облысы Семейден бөлініп шыққаннан кейін, кітапханаға облыстық кітапхана статусы берілді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейінгі жылдары кітапхана бірнеше мәрте бір жерден екінші жерге ауыстырылды, бірақ оның есігі оқырмандарға үнемі ашық болды. Тек 1983 жылы 29 желтоқсанда кітапхана қала орталығындағы қазіргі заманға сай әсем ғимаратқа келіп тұрақтады, күні бүгінге дейін өз оқырмандарына қызмет көрсетуде.
Тәуелсіз жылдардағы даму кезеңі 2000 ж. - «Шығыс Қазақстан Интернетте» алғаш өлкетану сайты құрылды. АҚШ Мемлекеттік Департаменті гранты мен IATR\IREX бағдарламалары. 2000 жылы кітапханамыз «Tacis» Британ қоры мен РМК ұйымдастыруымен, ТМД елдерінің кітапхана сайттары арасында өткен сайыстан 2-орын алды. 2001 ж. сәуір - Өңір кітапханашыларын кәсіби қолдау мақсатында «Жарқын идея» шығармашылық лабораториясы. ACTR/ACCELS гранты.
2001 ж. қараша – кітапхана техникалық жабдықталды, құжаттардың электронды жеткізілімі (ҚЭЖ) енгізілді, ауыл кітапханаларында компьютер желісін құруға жағдай жасалды. «Ашық Қоғам» Институтының гранты. 2001 ж. қараша – Интернет-тренинг. АҚШ Мемлекеттік Департаментінің гранты.
2002 ж. ақпан – «Ашық қала» жобасы – Е-үкімет құруға алғаш қадам жасалды. Серіктестер: «Сорос-Қазақстан» қоры, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» қоғамдық қоры, Өскемен қаласының әкімдігі.
2003-2004 жж. – ШҚО орталық кітапханаларының бірыңғай ақпараттық компьютерлі желісі құрылды. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің гранты. 2003 ж. қыркүйек – Жинақты өлкетану онлайн каталогы құрылды. «Сорос-Қазақстан» қорының гранты.
2004 ж. - «Заманауи қоғамдағы ХХІ ғасыр кітапханашысы» республикалық конференциясы.
2006 ж. – Жыл көлемінде оқырмандар саны – 17858, жалпы келушілер саны – 222363 адамды құраған.
2007 ж. – Интернетті ақысыз пайдалану жобасы.
2008 ж. - сымсыз Интернет - Wi - Fi орнатылды. 2010 жылы кітапхана қызметін 18 000-нан астам оқырман пайдаланды. Барлық қол жеткізген жетістіктер маңызды компоненттерсіз іске асуы мүмкін емес еді. Бұл – жастар тәлім алып, үлгі тұтатын ұйымшыл әрі кәсіби ұжым: Н.В. Панова, Ш.Н. Сақыбаева, Г.А. Меньшикова, Н.Б. Харламова, И.В. Налетова, Е.Н. Костюк және т. б. Бұл – сауатты әрі заманауи жаңашыл-жетекші Х. М. Ақжігітова, «С любовью к книге» атты кітапханашыларға арналған алғашқы деректі фильмнің кейіпкері. 2011 ж. - бейнебайланыс, жедел хабарламалармен алмасуға мүмкіндік беретін – «Skype» орнатылды.
Кітапхананың 115 жылдық мерейтойы мен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында кітапхана жаңа жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі күні ол заманауи ақпарат, кәсіби білім мен мәдениеттің жоғары технологиялық орталығы болып отыр. Мұнда ақпараттық технологияларды игеруге бағытталған заманауи жобалар туындап, жүзеге асырылуда. Кітапхана тек Шығыс Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар бүкіл Республика, Орта Азия мен Ресей кітапханалары үшін техникалық тренинг өткізу орталығына айналды. Пушкин кітапханасы әлемдік Кітапханашылар Қауымдастығы – ИФЛА-ға енді. 2011 жылы бейне байланыс және жедел хабар алмасуға мүмкіндік беретін Skype бағдарламасы орнатылды. «Ашық кітапхана» жобасы жүзеге асырылды. Радиожиілікті сәйкестендіру (RFID) технологиясын енгізу нәтижесінде кітапхана қоры оқырманға ашық пайдаланымға берілді. Кітап қоры толығымен еркін қолжетімді. Әдебиеттер тақырыптық блоктар бойынша орналасқан – бұл қажетті басылымдарды оңай табуға көмектеседі. Монитордан электронды кітаптарды оқуға, еліміздің және әлемнің басқа кітапханаларынан басылымдардың көшірмелеріне тапсырыс беруге болады. Осы жылдың соңғы айында кітапханада жұмыссыз жастар мен халықтың басқа да санаттарына е-білім беруге көмек ретінде «IT-OTAU» жастар орталығының тұсаукесері өтті. Жоба технократия мен руханиятты, дәстүрлі және заманауи ақпараттық технологияларды үйлестіруге бағытталған. Қазақ киіз үйі Wi-Fi байланысымен, веб-камералары бар ноутбуктармен, сканер/ксерокспен, электронды тренажер-оқулықтармен жабдықталған. 2011 жылы Skype - лездік хабарлама алмасу және бейнебайланыс бағдарламасы орнатылды. Кітапхана ашық қорға көшті. Барлық әдебиеттер еркін пайдаланымда. Әдебиеттер тақырыптық блок бойынша орналастырылған, бұл - қажетті басылымды оңай табуға мүмкіндік береді.
Кез-келген кітапхананың басты байлығы – оның ақпараттық әлеуеті. Бүгінгі күні ол – 400 000-нан асатын қазақ, орыс, ағылшын, неміс тіліндегі алуан түрлі басылымдар. Сонымен қатар, XIX ғ. соңы мен XXI ғасыр анықтамалық әдебиеттеріне, медиа-ресурстар топтамасына да бай. Кітапхана: А. Волков, Н. Горбачев, А. Егоров, М. Мусин, С. Черных, Б. Щербаков т.б. тәрізді зерттеуші-ғалым, жазушылардың еңбектерін жоғары бағалап, мақтан етеді.
Кітапхананың қызметін ғалым-математик, ертегіші А.М.Волков, өзінің жеке мұрағатының бір бөлігін кітапханаға табыс еткен, болашақ «Словарь русских личных имен» еңбегінің авторы – Н.А.Петровскийлер пайдаланған. Көрнекті кеңес жазушысы Е.Н.Пермитин де осы жерден тәлім алған. Ефим Николаевичтің естеліктері бойынша, Л.Сейфулинаның «Четыре главы» повесі мен «Сибирские огни» журналы, «Охотник Алтая»-ны әдеби-көркем журнал етіп шығаруға ой салды. Журналдың бірнеше саны сирек кездесетін әдебиет ретінде бүгінгі күні кітапхананың сирек қорында сақтаулы.
Оқырмандардың қатарында мынадай әйгілі азаматтар бар: Г. Д. Гребенщиков, П. П.Бажов, М. Ф. Иванусьев-Алтайский, Н. И. Анов, П. Н. Кузнецов, Қ. Қайсенов, С. М. Анисимов, Д. Ф. Черепанов. Тарихшы, өлкетанушы С.Е.Черных, ғалымдар тобы: С. Аманжолов, Н.В. Алексенко, С.К. Игибаев, А.В. Егориналар еңбектері кітапхана қорынан ерекше орын алады. 2012 ж. – «Ақпараттық қоғамға арналған кітапханалардың технологиялық инновациялары» атты республикалық форум өтті. 2012-2015 жж. – БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп «Ауыл кәсіпкерлерін қолдаудың Онлайн орталықтары» жобасы жүзеге асты. 2013 ж. – Көзі көрмейтін және нашар көретін пайдаланушыларға арналған арнайы жабдықтары бар мамандандырылған қызметтер залы ашылды. 2014 ж. – «Біздің Абай / Наш Абай» толықмәтінді электронды кітапханасы жасалды, онда Абай Құнанбайұлының шығармалары мен абайтану бойынша әлемнің бірнеше ондаған тілдеріндегі әдебиеттер жинақталған. «Болашаққа арналған кітапханалар» республикалық форсайт-конференциясы. «Көру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта» жобасы. 2015 ж. – «Жоба кітапхананы дамыту стратегиясы ретінде» республикалық конференциясы. «Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар» халықаралық жобасы жүзеге асырылды.
Кітапхананың «IT-OTAU» стендтік баяндамасы АҚШ, Огайо штаты, Колумбус қаласында өткен IFLA конференциясында үздік деп танылды.
«Өскемен қаласының үздік Кедергісіз нысаны» номинациясы бойынша кітапхана конкурс жеңімпазының дипломына ие болды.
«Қайым Мұхамедханов» электронды библиографиялық көрсеткішін жасау бойынша жұмыс бастау алды.
2017 ж. — «Оқырманы озық өлке» республикалық байқауының жеңімпазы. 3D-принтер, фрезерлік, лазерлі-нақыш жасау, ағаш өңдеу және металл кесу станоктары, техникалық модельдеуге арналған құралдар жиынтығымен MAKERSPACE шығармашылық шеберханасын ашу.
2018 ж. — «Рухани қазына» мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің бірінші фестивалінде «Облыстық маңызы бар Үздік мемлекеттік кітапхана» номинациясында жеңіске жетті. 2019 жыл. — Oskemen-book review-2019 кітап көрме-жәрмеңкесі өтті, оған облыс орталығының баспа, кітап саудасы, ғылыми-білім беру ұйымдары: «Шығыс Ақпарат», «Медиа Альянс», «Восток-Печать», «Артекс» баспа-полиграфиялық фирмасы қатысты. «Геология – тағдырым»: 12 сәуірде атақты ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығы аясында ғалымның немересі Александр Третьяковпен кездесу өтті. 21 қыркүйекте кітапханаға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев келді. 2020 ж. — Кітапхана мамандары құрастырған «Қайым Мұхамедханов» библиографиялық көрсеткішінің баспа нұсқасы жарыққа шықты. Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық әлеуметтік роликтер мен қысқаметражды фильмдер фестивалінде «Жидебайға саяхат» бейнефильмі қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді. Абайдың өмірі, шығармашылығымен байланысты тарихи және киелі орындармен таныстыратын «Абайдың киелі даласы» / «Абайдың дала планетасы» / «The steppe planet of Abai» үш тілді фотоальбомы жарыққа шықты. «Өскемен қаласының үздік Кедергісіз нысаны» номинациясы бойынша кітапхана конкурс жеңімпазының дипломына ие болды. 2023 жыл – «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» Интернет-порталы құрылды. Порталға халық ауыз әдебиетінің туындылары: Шығыс Қазақстанның өзен, көл, тау атауларының шығу тарихы туралы қызықты әңгімелер (топонимикалық аңыздар деп аталады); киелі орындар мен нақты тарихи тұлғалар туралы аңыздар; бір кездері Шығыс Қазақстан жерінде өмір сүрген ғажайып және тіпті сиқырлы кейіпкерлер туралы ертегі баяндамалары енген. Порталда жұмыс барысында әртүрлі дереккөздерден аңыздар мен әпсаналарды жинау және оларды аудару бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Порталдың барлық материалдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Портал мазмұнын толтыру бойынша жұмыс жалғасуда.
2024 жыл - кітапхана сайтында DosAi жасанды интеллектімен виртуалды кітапхана ассистенті жұмыс істей бастады. 2025 жыл 9 сәуір - Кітапхана қорын цифрландыру орталығы ашылды. Баспа қорын цифрландыруды жеделдету үшін кітапханаға екі жаңа планетарлық сканера I2S CopiBook Open System сканері сатып алынды.
2025 жыл 18-22 тамыз - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының делегациясы Астана қаласында өткен IFLA 89-шы Дүниежүзілік конгресінің жұмысына қатысты. Онда кітапхана мамандары бірегей жобалар – «DosAi кітапханалық нейро-ассистенті» және «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» интернет-порталын ұсынды.
Кез-келген кітапхананың басты байлығы – оның ақпараттық әлеуеті. Бүгінгі күні ол – 400 000-нан асатын қазақ, орыс, ағылшын, неміс тіліндегі алуан түрлі басылымдар. «Пушкин кітапханасы – Шығыс Қазақстан кітапханалар жүйесінің орталығы.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кітапханалары