Нұрсұлтан Нұрланұлы Шоқанов (20 қаңтар 1986, Алматы) — қазақстандық саясаткер, кәсіпкер, қоғам қайраткері, 2026 жылдан бастап Қазақстан халық партиясының төрағасы. Одан бөлек 2023 жылдан бастап Альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының президенті.

Өмірбаяны Нұрсұлтан Шоқанов 1986 жылы 20 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

Ол Физика-математика мектебін бітіргеннен кейін 2003 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтына (КИМЭП) оқуға түсіп, 2006 жылы Іскерлік әкімшілендіру бакалавры дәрежесін алды және «қаржы» мамандығын үздік бітірді. 2018 жылы Лозаннадағы (Швейцария) бизнестегі қолданбалы мамандықтар бойынша әлемдегі жетекші университеттердің бірі IMD-де Менеджерлерге арналған магистр (MBA) дәрежесін алды. Оқу аясында IMD-ді АҚШ, Қытай, Вьетнам және Швейцариядағы жобаларды сәтті аяқтады. Соңғы жылдары қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысты. «D-Mura» Мәдени-тарихи мұраны цифрландыру қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, жеті ғылыми-қолданбалы мақаланың авторы, Қазақстан кәсіпорындарындағы еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстандағы жалғыз халықаралық диалог және көрме алаңы «Kazakhstan International Occupational Safety and Health (KIOSH) Conference and Exhibition» авторы және бастамашысы болды.

2009 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады. Ол қоғамдық тамақтану, тағам жеткізу, ретейл, ақпараттық технологиялар, өндіріс және дистрибуция салаларында жұмыс істейтін «OMIR Group» компаниялар тобының директорлар кеңесін басқарады. Бүгінде топқа қарасты кәсіпорындар Қазақстанның алты қаласында және төрт шет мемлекетте қызмет көрсетеді.Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағалығынан кетті

2026 жылғы 27 маусым күні Қазақстан халық партиясының төрағасы болып сайланды.Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы қызметінен кетті

Қоғамдық қызметі 2021 жылдан 2025 жылға дейін VII және VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты болды.Депутат маслихата Алматы Нурсултан Шоканов досрочно сложил полномочияШоқанов Нұрсұлтан Нұрланұлы

2022 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық, кейіннен Алматы облыстық филиалдарына жетекшілік еткен. 2023–2025 жылдары Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасын басқарған, кейіннен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары болып сайланған.

Сонымен қатар 2023 жылдан бастап ол — Альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының президенті.

Марапаттары Шоқанов «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі», «Заңғар» төсбелгілерімен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты түлектері