нобай|Мёдон коммунасындағы ғимараты
Париж обсерваториясы () — Францияның Париж қаласында орналасқан астрономиялық обсерватория. Негізгі телескопының диаметрі — 38 см.
Негізгі ғимараты Париждің XIV округінде орналасқан.
Тарихы Париж обсерваториясы 1667 жылы Франция мен Наварра королі Людовик XIV-тің жарлығымен құрылды (жаңартылған ғимаратты ол 1682 жылғы 1 мамырда салтанатты түрде ашқан). Бұл — бүгінгі күнге дейін үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан әлемдегі ең көне обсерватория.
Обсерваторияның ең ірі құралы — қос фотовизуалды рефрактор (визуалды рефрактор объективінің диаметрі — 83 см, астрографтікі — 63 см, екеуінің де фокустық қашықтығы — 17 метр). Grand Lunette деп аталған бұл құрал 1895 жылы Париждің оңтүстік-батысындағы Мёдон филиалында орнатылды.
Қазіргі уақытта астрономиялық бақылаулар Мёдон (коды — «005») және Нансай филиалдарында жүргізіледі, ал Парижде XIX ғасырда пайдалануға берілген үш астрономиялық құрал орнатылған. нобай|Араго телескобы
Белгілі қызметкерлері
Эжен Мишель Антониади Доминик Франсуа Араго Люсьен Анри д’Азамбюжа Гийом Бигурдан Вениамин Павлович Жеховский Брэндон Картер Джованни Доменико Кассини Жак Кассини Цезарь Франсуа Кассини Андре Жозеф Александр Кудер Урбен Жан Жозеф Леверье Жак Филипп Маральди Пьер Мешен Жан Пикар Эдуард Альбер Рош Паскаль Сотировский Франсуа Феликс Тиссеран Эрве Огюст Этьен Альбан Фай Пьер Фату Камиль Фламмарион Жан Бернар Леон Фуко Адольф Хирш Хуго фон Цейпель
Директорлары «Обсерваторияның басқарушы директоры» лауазымы Франция королі Людовик XV-тің жарлығымен (1771 жылғы 12 қарашадағы корольдік ордер) ресми түрде енгізілді. Бұл қызметті ресми түрде алғаш атқарған адам атақты астрономдар әулетінің үшінші өкілі Цезарь Франсуа Кассини болды.
Алайда іс жүзінде оған дейін обсерваторияны оның атасы мен әкесі басқарған. Сондықтан директорлар тізімі солардан басталады.
Джованни Доменико Кассини (1671—1712) Жак Кассини (1712—1756) Цезарь Франсуа Кассини (1756—1784) Жан-Доминик Кассини (1784—1793) Джон Пеми Вильнёв, (қыркүйек 1793—1794) Николя-Антуан Нуе, м. а. (1794—1795) Жозеф Жером Лаланд (1795—1800) Пьер Мешен (1800—1804) Жан-Батист-Жозеф Деламбр (1804—1822) Алексис Бувар (1822—1843) Франсуа Араго (1843—1853) Урбен Леверье (1854—1870) Шарль-Эжен Делоне (1870—1872) Урбен Леверье (1873—1877) Амедей Муше (1878—1892) Феликс Тиссеран (1892—1896) Морис Леви (1896—1907) Бениамин Байо (1908—1926) Анри Деландр (1926—1929) Эрнест Эклангон (1929—1944) Андре Данжон (1945—1963) Жан-Франсуа Денис (1963—1967) Жан Делье (1967—1971) Раймон Мишар (1971—1976) Жак Болт (1976—1981) Пьер Шарвен (1981—1991) Мишель Комб (1991—1999) Пьер Кутюрье (1999—2003) Даниель Эгре (2003—2011) Клод Катала (2011—2020) Фабьен Касоли (2020 жылдан)
Тағы қараңыз Обсерваториялар тізімі Бойлықтар бюросы Дереккөздер
Санат:Францияның астрономиялық обсерваториялары Санат:1667 жылы қаланғандар