Аманғали Сарынұлы Сарин (27 қазан 1943, Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР — 28 тамыз 2025) — кеңестік шаруашылық, мемлекеттік және саяси қайраткер.

Өмірбаяны 1943 жылы Шахта ауылында туған. КОКП мүшесі.

1966 жылдан бастап шаруашылық, қоғамдық және саяси жұмыстарда болды. 1966—2002 жылдары бас экономист, бөлімше меңгерушісі, бірнеше кеңшардың директоры, Еңбекшіқазақ аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан КП Балқаш және Жамбыл аудандық комитеттерінің 1-хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің инспекторы, Шығыс Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 1-орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі аппараты Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, «Нұр» ЖШС президенті болып жұмыс істеді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-12 шақырылымдары депутаты болып сайланды.

Қазақстанда тұрып, 2025 жылы 28 тамызда қайтыс болдыТелеграмм парақшасындағы жаңалық.

Жеке өмірі 1971 жылы 23 қаңтарда Қонаева Сәбіл Қабайқызына үйленген.

Әдебиет Ашимбаев Д. Р. Сарин Амангали Саринович // Кто есть кто в Казахстане: Биографическая энциклопедия. — 6-е изд., доп.. — Алматы: Credo, 2002. — 516 с. — ISBN 9965-9164-3-8.

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданында туғандар Санат:Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары