Әбжан Сүйкімбайұлы Жүсіпов (15 маусым 1907, Қызылтомар ауылы, Ақмола облысы, Ресей империясы — 25 тамыз 1986, Алматы, Қазақ КСР) — Семей, Қостанай және Гурьев облыстық атқару комитеттерінің төрағасы қызметін атқарған кеңестік мемлекет қайраткері. Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау министрі (1955-1958).

Өмірбаяны Қызылтомар ауылында (кеңес дәуірінде – Солтүстік Қазақстан облысының Кеңес ауданы) дүниеге келді.

1929—1931 жылдары ЖШҚӘ қатарында әскери борышын өтеді.

1931—1932 жылдары В.М. Молотов атындағы Мәскеу түсті металдар институтындағы жұмысшы факультетінің тыңдаушысы болды.

1932—1937 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық байланыс басқармасының жауапты орындаушысы, басшысының орынбасары, 1-орынбасары болып жұмыс істеді.

1937—1940 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының 1-орынбасары лауазымында мехнат қылды.

1940—1941 жылдары Семей облыстық жер бөлімінің басшысы орынбасары болып күн көрді.

1941 жылы Қазақстан К(б)П Семей облыстық комитеті кадрлар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбектенді.

1941—1945 жылдары Семей облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып істеді.

1945—1949 жылдары Қостанай облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып еңбек етті.

1949—1952 жылдары БК(б)К ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды.

1952 жылдан бастап — 1955 жылдың сәуіріне дейін Гурьев облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

1955 жылдың сәуірінен — 1958 жылға дейін Қазақ КСР мемлекеттік бақылау министрі болып жұмыс істеді.

1958—1961 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Кеңестік бақылау комиссиясының төрағасы лауазымында мехнат қылды.

1961—1962 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік бақылау комиссиясының төрағасы болып күн көрді.

1963—1965 жылдары Қазақстан КП Алматы облыстық комитеті мен Алматы облыстық кеңесі атқару комитеті жанындағы Партиялық-мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы болып еңбектенді.

1965—1967 жылдары Алматы облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып істеді.

1967 жылы зейнетке шықты. Одақтық маңызы бар дербес зейнеткерАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.

Дереккөздер

Сілтемелер Әбжан Жүсіпов. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.

Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қостанай облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Семей облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Алматы облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары