Камнұр Тәлімұлы Тәлімов (15 тамыз 1960 жылы туған, ҚХР, Текес ауданы, Шолақтерек ауылы) — ақын, сазгер, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздік қызметкері, «Халық мұғалімі», Талғар ауданының Құрметті азаматы (2014)

Өмірбаяны 1960 жылы 15 тамызда ҚХР-да дүниеге келген. 1962 жылы тарихи Отаны — Қазақстанға қоныс аударып, Ақтоғай ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепті тәмамдаған.

1981–1986 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінде білім алған.

Еңбек жолы 1986–1990 ж.ж. — мектепте мұғалім. 1990–1995 ж.ж. — Алматы облысының «Өрлеу» педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру институтында қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің әдіскері және меңгерушісі. 1995–2007 ж.ж. — Талғар ауданы №22 орта мектебінің директоры. 2007–2023 ж.ж. — Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасына қарасты Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Талғар аудандық филиалының меңгерушісі. 2024 жылдан бастап — Алматы облысының бас биі.

Шығармашылығы Камнұр Тәлімов — бірнеше жыр жинақтары мен кітаптардың авторы: «Дәркембайдың дегендері» (2006) «Көңіл көзі» (2010) «Мінәжат» (2011) «Қазына» (2023)

Республикалық және облыстық деңгейдегі «Шешендік өнері» (2004), «Сазгерлер сайысы» (2006), Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің» (2010) жыр мүшәйраларының және «Батагөйлер» (2021) байқауының жүлдегері.

Марапаттары Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі «Халық мұғалімі» құрметті атағы. Талғар ауданының Құрметті азаматы (2014) «ХАЛЫҚ МҰҒАЛІМІ-НАРОДНЫЙ УЧИТЕЛЬ» медалі (2016) «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» мерекелік медалі (2021) Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Арманға қол создырған асыл өлкем Қамнұр Тәлімұлы: Тіл – тірегі, тіл – жүрегі халқымның Алатау газеті - Мақала

Санат:1960 жылы туғандар Санат:Талғар ауданының құрметті азаматтары Санат:Қазақ ақындары Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақстан ұстаздары