Гүлмира Қабиденқызы Қабдуллина — экономика ғылымының докторы (2010), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1971 жылы 23 маусымда Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Жамбыл ауылында туған.

Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1992, қазіргі Қазақ агротехникалық зерттеу университеті) бітірген. Көкшетау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент (1996-2004), кафедра меңгерушісі (2004-10) қызметтерін атқарған. Бүгінгі күнде Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде "Бизенес және басқару" кафедрасының профессоры.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімді дамуының мәселелері (Солтүстік Қазақстан облысының мәліметтері бойынша)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, 3 оқу құралының авторы.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2007).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2024).Поздравляем с почетной грамотой Министра науки и образования РК.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер «Жасыл» экономика саласындағы халықаралық ынтымақтастық» — Профессор Гүлмира Қабдуллина.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар