нобай|Аустралия, Ганн Пойнт елді мекенінде түсірілген Гектор бұлты
Гектор (ағылш. Hector) — Тиви аралдары аумағында жыл сайын шамамен қыркүйектен наурызға дейін күн сайын дерлік түстен кейін пайда болатын будақ-жаңбырлы найзағайлы бұлттар шоғыры. Бұл аралдар Northern Territory құрамына кіреді.The cloud called Hector . The Cloud Appreciation Society. Retrieved on 2010-11-30. Гектор немесе кейде «Гектор-конвектор» (Hector the Convector) деп аталатын бұл құбылыс әлемдегі ең тұрақты әрі ірі найзағайлы жүйелердің бірі ретінде белгілі. Ол нақтырақ айтқанда шағын мезомасштабты конвективті жүйе (MCS) немесе ірі көпжасушалы найзағайлы бұлт жүйесі болып табылады. Оның биіктігі шамамен 20 км-ге (66 000 фут) дейін жетеді.
Тарихы Бұл атауды Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұшқыштар қойған. Найзағай бұлтының үнемі бір жерде пайда болуы сол аймақтағы ұшқыштар мен теңізшілер үшін навигациялық бағдар ретінде қызмет еткен.
Гектор — мезомасштабты атмосфералық құбылыс. Ол негізінен Тиви аралдары үстінде бірнеше теңіз бризі шекараларының соқтығысуынан пайда болады және өзінің тұрақтылығы мен күштілігімен ерекшеленеді.
Бұл найзағай жүйесінде найзағай жарқылдарының жиілігі мен жоғары бағытталған ауа ағындарының (updraft) жылдамдығы'ерекше байқалады. 1990-жылдары National Geographic журналында осы дауылға арналған кең көлемді зерттеу жарияланып, онда зақымданған ағаштардың суреттері, жоғары көтерілу ағындарының жылдамдығы және торнадоға ұқсас құбылыстар туралы мәліметтер берілген.
Бұл құбылыстың тұрақты қайталануы теңіз әсеріне, жер бедеріне және атмосфералық жағдайлардың жиі қайталануына байланысты. Соның нәтижесінде аралдарда ерекше микроклимат қалыптасады (мұндай микроклимат аралдарда, әсіресе рельефі күрделі аймақтарда жиі кездеседі).
1980-жылдардың соңынан бастап бұл найзағай кешені көптеген метеорологиялық зерттеулердің нысанына айналды. Зерттеулердің бір бөлігі Гектор бұлтының өзіне арналса, басқа жұмыстарда оның тұрақты қалыптасуы найзағайларды, атмосфералық шекараларды, сондай-ақ теңіз бен жер бедерінің атмосфераға әсерін зерттеу үшін пайдаланылды.
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Климатология Санат:Бұлттар