Кирилл (; заңи есімі — Владимир Михайлович Гундяев; 20 қараша 1946 жыл, Ленинград) — Орыс православие шіркеуінің (ОПШ) епископы, 2009 жылдан бергі Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы.
Патриархтығына дейін Кирилл Смоленск және Калининград епископы (кейін митрополиті) және Орыс православие шіркеуі Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің төрағасы болды. 1989 жылдан бері ол — Қасиетті синодтың мүшесі.
Кирилл — Ресей президенті Владимир Путиннің жақын одақтасы; ол Путинді «Құдайдың кереметі» деген. Путин сөзінше, оны Кириллдің әкесі шоқындырған болатын. Патриархтығы барысында Кирилл Орыс православие шіркеуін Ресей мемлекетіне жақындатқан еді. Кириллдің Бүкіләлемдік патриарх I Варфоломеймен қарым-қатынасы күрделі келген.
Кирилл Ресейдің Украинаға басып кіруін дәріптеген, соғысты «жауыздық күштеріне» қарсы шайқас деп ақтаған. Кирилл басқарған Дүниежүзі орыс халқының соборы соғысты «Қасиетті», не «Киелі соғыс» деген. Өзге православие шіркеулер қызметкерлері бұл сөздерді сынаған, Кирилл «бүкіл Православие беделіне зақым келтіріп жүр» деген.
Ерте жылдары және мансабы Кирилл Владимир Михайлович Гундяев есімімен Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) 1946 жылғы 20 қарашада туған. Әкесі Михаил Гундяев 1974 жылы қайтыс болған. Анасы Раиса Гундяева неміс тілін оқытатын, 1984 жылы қайтыс болған. Туған ағасы архипресвитер Николай Гундяев — Санкт-Петербург діни академиясының профессоры, Санкт-Петербургтегі Өзгеріс соборының ректоры. Атасы Василий Гундяев шіркеудегі қызметі мен жаңартушылыққа қарсылығы үшін 1920 жылдары, 1930 жылдары және 1940 жылдары Соловки лагерінің тұтқыны болған.
Сегізінші сыныпты бітіргесін Владимир Гундяев Ленинград геологиялық экспедициясында жұмыс тауып, сол жерде 1962 жылдан 1965 жылға дейін картограф болды, үстінен оқып жүрді. Мектеп бітіргесін ол Ленинград семинариясына түсіп, кейін Ленинград діни академиясында оқып, 1970 жылы озат бітірді.
1969 жылғы 3 сәуірде Ленинград және Новгород митрополиті Никодим (Ротов) оған философ Кирилл құрметіне Кирилл есімін берді, 7 сәуірде иеродиакон, 1 маусымда иеромонах қылды. 1970 жылдан 1971 жылға дейін Кирилл догматика оқытып, Ленинград діни мектептері ректорының студент істері жөніндегі көмекшісі, митрополит Никодимдің жеке хатшысы, бірінші сыныпты семинариялықтардың нұсқаушы-бақылаушысы болды.
Епископтығы Архимандрит 1971 жылғы 12 қыркүйекте Кирилл архимандрит дәрежесіне көтеріліп, Орыс православие шіркеуінің Женевадағы Дүниежүзі шіркеулер кеңесіндегі (ДШК) өкілі атанды. 1974 жылғы 26 желтоқсанда ол Ленинград академиясы мен семинариясында ректор тағайындалды. 1975 жылғы желтоқсаннан бері ол ДШК орталық пен атқарушы комитеттерінің мүшесі болып келген.
1971 жылы ол Мәскеу патриархатының ДШК-дағы өкілі болып тағайындалды да, содан бері Орыс шіркеуінің экуменистік әрекеттерінде араласып жүр.
1994 жылдан бастап Кирилл ОРТ/Бірінші арнадағы апта сайынғы «» («Малшы сөзі») телевизия православ бағдарламасының жүргізушісі болып келген.
Архиепископ нобай|солға|Ядролық қарусыздану жайлы конференциядағы архиепископ Кирилл, Амстердам, 1981 жыл 1976 жылғы 14 наурызда Выборг епископы, Ленинград епархиясының викарийі атанды 1977 жылғы 2 қыркүйекте архиепископ дәрежесіне көтерілді 1984 жылғы 26 желтоқсанда Смоленск және Вязьма архиепископы болып тағайындалды 1986 жылдан бері Калининград облысы шіркеу округінің әкімшісі 1988 жылдан бері Смоленск және Калининград архиепископы 1989 жылғы 13 қарашадан Мәскеу патриархаты Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің төрағасы, Қасиетті синодтың тұрақты мүшесі 1991 жылғы 25 ақпанда архиепископ Кирилл митрополит дәрежесіне көтерілді Шіркеу жоғарғы басшылығы жылдар өте келе Кириллге осындай міндеттер салған: 1975 жылдан 1982 жылға дейін ол — Ленинград епархиялық кеңесінің төрағасы 1975 жылдан 1998 жылға дейін ол — ДШК Орталық және атқарушы комитеттерінің мүшесі 1976 жылдан 1978 жылға дейін ол — Батыс Еуропадағы Патриарх экзархының орынбасары 1976 жылдан 1984 жылға дейін ол — Қасиетті синод Христиан бірлігі комиссиясының мүшесі 1978 жылдан 1984 жылға дейін ол — Финляндиядағы Патриарх экзархатының әкімшісі 1978 жылдан 1988 жылға дейін ол — Ресей шоқынуына Мыңжылдық мерейтойына дайындық комиссиясының мүшесі 1990 жылы ол — ОПШ Жергілікті кеңесі Дайындық комиссиясының мүшесі 1990 жылы ол — Чернобыль апатының салдарын шешудегі көмек бойынша комиссия мүшесі 1989 жылдан 1996 жылға дейін ол — Мажар православие деканатының әкімшісі 1990 жылдан 1991 жылға дейін ол — Гаага мен Нидерланд епархиясының уақытша әкімшісі 1990 жылдан 1993 жылға дейін ол — Корсун епархиясының уақытша әкімшісі 1990 жылдан 1993 жылға дейін ол — Қасиетті синод Дін және моральді қайтару комиссиясының мүшесі
Сыртқы істер 2008 жылғы 20 қазандағы Латын Америкасына сапары барысында Кирилл Куба Коммунистік партиясының Бірінші хатшысы Фидель Кастромен жолықты. Кастро Кириллді өзінің «Америка империализміне» қарсы одақтасы деп мақтады. Кирилл Гаванадағы тұңғыш Орыс православие шіркеуін ашқаны үшін Фидель мен Рауль Кастроларын Мәскеулік Даниил орденімен Патриарх II Алексий атынан наградтады.
Кирилл Сурож епархиясы мен Украинамен нашар қатынасы үшін сынға көрген.
Мәскеу патриархы 2008 жылғы 6 желтоқсанда, патриарх II Алексийдің өліміне бір күн болғанда Орыс Қасиетті синоды Кириллді Патриарх тағына сайлады. 9 желтоқсандағы Құтқарушы Иса храмындағы II Алексийдің жерлену рәсімі кезінде оның есінен танғаны хабарланды. 2009 жылғы 27 қаңтарда ОПШ Жергілікті кеңесі Кириллді Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы қылып ресми түрде сайлады.На Московский Патриарший Престол избран митрополит Смоленский и Калининградский Кирилл МП сайты, 2009-01-27.Имя нового Патриарха названо: Кирилл NEWSru 2009-01-27 with 508 votes out of 700. Интронизациясы 2009 жылғы 1 ақпанда өтті.
Сыртқы саясаты Кирилл Беларусь президенті Александр ЛукашенконыPatriarch Kirill wishes Lukashenko to invariably develop fraternal relations with Russia . Interfax-Religion. 2010-12-23.Патриаршее поздравление А.Г. Лукашенко с переизбранием на пост Президента Республики Беларусь 2010-12-22.Interfax. Patriarch Kirill wishes Lukashenko to invariably develop fraternal relations with Russia 2010-12-22. 2010 жылғы демократиялық емес сайлаудағы жеңісі үшін «шын жүректен құттықтаған».Патриаршее поздравление А.Г. Лукашенко с переизбранием на пост Президента Республики Беларусь / Патриарх / Патриархия.ru. Patriarchia.ru (2010-12-22). Қолжетімді: 2013-11-01.
Financial Times хабарлауынша: «Путиннің әрекеттері Украинадағы оның беделіне айтарлықтай нұқсан келтіргенін терең түсінген Кирилл Қырымдағы шіркеу парафияларын қабылдаудан бас тартып, аннексияны атап өтуге арналған Кремльдегі рәсімге қатысудан бас тартты».
Украина православие шіркеуінің автокефалиялығы жайлы дау кезінде Орыс Қасиетті синодына Кирилл төрағалық еткен болатын. Осы кезде 2018 жылғы 15 қазанда дауға байланысты ОПШ Константинополь православие шіркеуімен одағын бұзған еді.
2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіргенін Кирилл мақтаған және дәріптеген еді. Кирилл қақтығысқа кінәлі деп гей-парадтарды атаған, Украина Донбасстағы орыстарды «қырып жатыр» деген жалған ақпарат таратқан. Кириллдің сөздеріне түрлі православие епархиялары қарсылық білдіріп, Орыс православие шіркеуінен тәуелсіздік табуды жөн көрді.
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:Калининград облысының құрметті азаматтары Санат:Калининград құрметті азаматтары Санат:Орыс православие шіркеуі Қасиетті синоды мүшелері Санат:Мәскеу епископтары Санат:Смоленск епископтары Санат:Мәскеу патриархтары Санат:Телевизия уағызшылары Санат:Санкт-Петербург діни семинариясы түлектері Санат:Санкт-Петербург діни академиясы түлектері Санат:Выборг епископтары Санат:Санкт-Петербург діни семинариясы оқытушылары Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті құрметті докторлары Санат:Санкт-Петербург мемлекеттік университеті құрметті докторлары Санат:Смоленск облысының құрметті азаматтары Санат:КСРО дін мамандары Санат:Ресей дін мамандары Санат:Ресей мемлекеттік әлеуметтік университеті құрметті докторлары Санат:Кітапханатану және ақпарат технологиялары университеті (Болгария) құрметті докторлары Санат:Варшавадағы Христиандық діни академия құрметті докторлары