Бәйбек Төлепбекұлы Жантаев (1911 жыл, Ақмола облысы, Ресей империясы – 1969 жыл, Ақмола) — кеңестік әскери, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР еңбегін сіңірген қайраткері.

Өмірбаяны

Бәйбек – аудан председателінің Төлепбек Жантайдың ұлы.Бәйбек Төлепбекұлы 1944 жылдан 1950 жылға дейін ол «Вена алу үшін», «Будапештті алған үшін», «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалі», медальдарына ие болған.БӘЙБЕК ЖАНТАЕВ Жантаев Байбек Тулепекович//БАТЫРЛАРҒА ТАҒЗЫМ

Ерлігі Дивизия құрамында 2.5 жыл бойы мінсіз қызмет атқарған қызыләскер Жантаев зеңбіректің материалдық бөлігін және арнайы құралдарды жетік меңгерген болатын.

Жантаев екі рет жау ұшағын жарып, бір жау ұшағын атып түсірді. 1945 жылғы қаңтар шайқастары кезінде Будапешт қаласы ауданында жау жаяу әскерінің бір взводын өзі ғана жойды.

Ұлы Отан соғысына 1942 жылғы қарашадан бастап қатысты. Серафимович қаласынан бастап, Днестр, Днепр, Дон арқылы Будапешт пен Вена қалаларына дейінгі жауынгерлік жолдан өтті. «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапаттауға лайық деп танылды.

Дереккөздер

Санат:Ұлы Отан соғысы шайқастарының қатысушылары Санат:Ұлы Отан соғысы артиллеристері Санат:Қорғалжын ауданында туғандар Санат:Алғабаста туғандар