Албания-Аустрия қатынастары — Албания Республикасы мен Аустрия Республикасы арасындағы екіжақты дипломатиялық байланыстар. Албанияның Венада елшілігі және Айзенштадт, Гессендорф, Грац, Гредиг, Зальцбург, Санкт-Пельтен және Филлах қалаларында жеті құрметті консулдығы бар. Аустрияның Тиранада елшілігі бар. Албания мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қатынастардың тарихы 1912 жылға барып тіреледі, сол жылы 28 қарашада Албания тәуелсіздігін жариялады. Еуропалық одақтың мүшесі ретінде Аустрия Албанияны еуроинтеграция жолында қолдайды.
Ынтымақтастық Албания мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қатынастар дәстүрлі түрде тығыз болып келеді және қазіргі уақытта күрделі келісімдер жүйесімен реттеледі. Бұл жүйеге Аустрия мүше болып табылатын Еуропалық одақ шеңберіндегі келісімдер де кіреді. Тирана 1973 — автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалы Вена 1987 — мәдениет, ғылым және технология саласындағы ынтымақтастық туралы келісім Тирана 1991 — даму мақсатындағы көмек Тирана 1992 — жол жүру құжаттары және визалар Вена 1993 — инвестицияларды қорғау Вена 1993 — авиация Вена 1994 — экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастық, инвестициялар Вена 1998 — мәдени және тарихи ғимараттар мен ескерткіштерді қорғау Тирана 2005 — мәдениет, ғылым және технология саласындағы ынтымақтастық туралы келісім Вена 2007 — кеден келісімі Тирана 2007 — халықаралық қауіпсіздік Тирана 2007 — қосарланған салық салуды болдырмау Тирана 2008 — даму мақсатындағы көмек Вена 2010 — денсаулық сақтау Тирана 2010 — қаржылық көмек Вена 2012 — ғылыми-техникалық ынтымақтастық Екі ел 2012 — мәдениет, білім және ғылым Вена 2013 — босқындар мен көші-қонды бақылау
Дипломатиялық өкілдіктер Албанияның Венада елшілігі бар. Аустрияның Тиранада елшілігі бар.
Дереккөздер
Санат:Албания екіжақты қатынастары Санат:Аустрия екіжақты қатынастары