Андрология ( — «ер адам» +  — «ілім») — ер адамдарды, ер адамның анатомиясы мен физиологиясын, ер жыныс саласының ауруларын және оларды емдеу әдістерін зерттейтін медицина саласының атауы. Андрология Еуропада ғылым мен практиканың дербес саласы ретінде қарастырылады, оның негізгі ғылыми бағыттары төменде келтірілген:

Еркек бедеулігі Гипогонадизм Ерлердің контрацепциясы Ерлердегі жыныстық дисфункция Ерлердегі семіздік Ерлердегі қартаю мәселелері Жыныс мүшесінің дисморфофобиясы

Тарихы Гинекологиядан айырмашылығы — гинекология бойынша әлемде көптеген медициналық кеңес сертификаттау бағдарламалары бар болса, андрологияда ондай бағдарламалар жоқ. Андрология дербес мамандық ретінде тек 1960-жылдардың соңынан бастап зерттеле бастады: бұл саладағы алғашқы мамандандырылған журнал — 1969 жылдан бастап жарық көрген неміс мерзімді басылымы Andrologie (қазіргі атауы — Andrologia).Social Studies of Science (1990) 20, p. 32 Негізгі және клиникалық андрологияны қатар қамтыған келесі мамандандырылған журнал 1978 жылы құрылған International Journal of Andrology, 1992 жылы Еуропалық Андрология академиясының ресми журналына айналды. 1980 жылы Американдық Андрология қоғамы Journal of Andrology журналын шығаруды бастады. 2012 жылы осы екі қоғамның журналдары біріктіріліп, саладағы жетекші журнал — Andrology атауымен шықты, оның алғашқы саны 2013 жылдың қаңтар айында жарық көрді.

Тағы қараңыз Урология

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Андрология