Лаңғар () — ауыл, Өзбекстанның Ферғана облысы Қостөбе ауданының әкімшілік орталығы. Халқы: 1800 адам (2002).
Лаңғар — Ферғана облысындағы халық саны бойынша ең шағын аудан. Теміржол стансасы орналасқан Марғыланға жақын (12 шақырым) және Ферғана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Лаңғар маңынан Үлкен Ферғана каналы өтеді. Ауыл 19 ғасырдың ортасында саудагерлердің, қажылардың және басқа саяхатшылардың демалыс орны ретінде қаланып, уақыт өте келе толыққанды елді мекенге айналды. Лаңғар шағын сауда мен ауыл шаруашылығына негізделген.
Лаңғарда байланыс бөлімі, жалпы білім беретін мектеп, кәсіптік-техникалық агроэкономикалық колледж, кітапхана, аурухана, редакция ғимараты, сонымен қатар сауда, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету орталықтары бар.
Дереккөздер
Санат:Ферғана облысы елді мекендері