Аралбай қалашығы (ХVІІІ-ХІХ ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері Қармақшы ауданы, Кекірелі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 29,4 км жерде орналасқан.
Сипаты Қалашықты өткен ғасырдың 40-50 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясымен (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген, 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген. Қалашық шаршылау пішінді, өлшемдері 190х190 м, бекініс қабырғаларының қалыңдығы – 2-3 м, биіктігі – 1-1,5 м. Қалашықтың бекініс қабырғаларының бұрыштарында және қақпасының екі жағында диаметрлері 4-7 м болатын мұнаралардың қалдықтары сақталған және ормен қоршалып жатыр. Қоныстың ішкі құрылысы тегістеліп кеткен. Кіреберіс қақпалар бекініс қабырғасының солтүстік және оңтүстік жақтарында орналасқан.Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5
Дереккөздер
Санат:Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан көне қалалары Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері